4.06.2020, 10:33
Оқылды: 49

Казталовта түлектердің үйлерін аралап, аттестат табыстады

3 маусым күні аудан орталығындағы Казталов мектеп-лицейінің түлектеріне аттестат табыстау сәтіне куә болдық.

769816AC-7652-4F3E-B331-85D3411080B2

Еліміздегі жағдайға байланысты мектеп директоры бастаған бір топ ұжым үздіктердің үйлерін аралап, қуанышты сәтпен бөлісті. Алтын ұя мектеппен қоштасқалы тұрған түлектердің он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған мектебіне, ұстаздарына алғысы шексіз. Бәрі де дарынды, бәрі де талантты. Бірі білім бәсекесінде топ жарса, бірі өнерде үздік атанды, ал енді бірі спортта көш бастап, мектеп мерейін үстем етті.

861C69B4-05DA-4CCF-AF99-8213B75BC565

-Құрметті түлектер! Бүгін сіздер үшін қуанышты сәт. Бұл күнді сіздер асыға күттіңіздер. Білім алған алтын ұя мектептеріңізбен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы отырсыздар. Қазір көңілдеріңізде қимастық сезім болғанмен, алдағы болашақтарыңыз жарқын болатынына біз сенімдіміз. Ақжол тілейміз, - деп мектеп басшысы Нұрлан Жасқалиев 26 түлекке аттестаттарын табыс етті.

9A29759A-07B0-4978-819D-1F85BBBD93B4

Он бір жыл бойы сапалы білім, тағылымды тәрбие алған түлектердің ендігі мақсаты - алдағы сынақтан сүрінбей, ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтау.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале