15.02.2024, 18:20
Оқылды: 13

Казталовта тұрмыстық техника дүкені ашылды

Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба жоспарлы жүзеге асып келеді.

image-15-02-24-04-01-2

Казталов ауданында кәсіпкерлік саланың дамуына жеке жас кәсіпкерлердің қосып отырған үлесі зор.

Соның бір айғағындай бүгін аудан орталығында «ALISHOP» тұрмыстық техника дүкенінің филиалы ашылды.

«ALISHOP» тұрмыстық техника дүкенінің жетекшілері Әзілхан Асылбекұлы мен Гүлнұр Ұзақбайқызы.

Жас кәсіпкерлердің бастамасымен ашылып отырған кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы Серік Каримоллаұлы қатысып, сәттілік тіледі.

image-15-02-24-04-01

Тұрмыстық техникамен айналысатын «ALISHOP» жеке кәсібінің жетекшілері Әзілхан мен Гүлнұр:

– Орал қаласынан бастау алған кәсібіміздің филиалын өзіміздің туған жерімізде ашып отырмыз. Дүкенімізде аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған қолжетімді бағада тауар сататын боламыз, - дейді.

Жаңа дүкеннің ашылуына келген қонақтар үшін лоторея ойнатылып, ұтыс сыйлықтары таратылып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале