26.03.2021, 14:45
Оқылды: 54

Казталовта вакцинациялау заңдылығы түсіндірілді

Елімізде екпе салу процесі жүріп жатқандығы белгілі. Бүгінде №1 Казталов аудандық ауруханасында вакцина салдырғандардың саны – 65 адам. Бұл туралы аурухана директорының міндетін уақытша атқарушы Зинұр Сәткеш мәлімдеді.

 165338402_1075801209496433_3627439339110479507_n

26 наурыз күні тұрғындарға екпе салуды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан бойынша барлық бөлімдер мен мәдениет ошақтары, білім ордалары, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметкерлер мен мамандарға екпе алудың маңыздылығы, себеп-салдары, пайдасы мен кері әсері толықтай түсіндірілді.

Сонымен қатар көпшілік мекемелерге №1 Казталов аудандық ауруханасы директорының міндетін уақытша атқарушы Зинұр Сәткеш арнайы барып, вакцинациялауға қатысты мемлекетіміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысы мен ондағы негізгі міндеттемелер толықтай баяндалды. Сонымен қатар Зинұр Жүсіпұлы екпе алу азаматтың өз еркінде екендігін айта отырып, еш қорқудың қажеті жоқ екендігін де атап өтті.

165308459_1075801232829764_4974141773549092395_n

- Қазіргі таңда сан түрлі қауесеттер таралуда. Дегенмен ақпараттардың жалғаны мен шындыққа жанасатыны болады. Ал вакцинациялау бұл адамның коронавирус індетіне иммунитетін күшейтеді. Сонымен қатар вакина салдырған адам ешқашан ауырмайды деп те кепілдік бере алмаймыз. Себебі барлығы адамның иммунитетіне, антиденелерге байланысты құбылыс. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екпе алу процесінің қалай жүргізілетіндігіне егжей-тегжейлі тоқталдық. Бұл үгіт-насихат жұмыстары емес, тек түсіндіру жұмыстары. Ал вакцинаны алу немесе алмау азаматтың өз еркінде екендігін халық түсінгені абзал, - дейді аурухана басшысы.

вак1

Зинұр Жүсіпұлы азаматтардың осы тақырыпқа қатысты сауалдарына нақты жауаптарын беріп, заңдылықтарға тоқталды.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале