2.07.2020, 18:09
Оқылды: 48

Казталовтағы "Нұрлы бақта" жеміс ағаштары жайқалып өсіп келеді

Казталов ауданының кіре берісіндегі жайқалған жасыл бақ көріністері алыстан көз тартады. Әлбетте бұл көріністер сырттан келген қонақтардың таңданысын тудырары хақ. С.Сейфуллин  көшесінің бойында балалар шығармашылық орталығы орын тепкен. Бұндағы орталық ауласының жанындағы саябақ жасыл желекке бөленіп, тамылжып тұр.

22B59FD4-AA70-486C-B7D8-13505EB0B827

Осыдан 5 жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекесіне орай аудан орталығында «Нұрлы бақ» саябағы тұсауын кескен болатын. Ашылу салтанатына арнайы келген БҚО-ның Ассамблея мүшелері жеміс ағаштарын сыйға тартып,  отырғызды.

Арада біраз уақыт өтті. Бүгінде аспанмен таласқан ағаштар жайқалып өсіп тұр. Бұлардың бәрі жай талдар емес, рет-ретімен отырғызылған жеміс ағаштары. Орталық ауласына кірген бойда бірден көзге түсетіні сан алуан жемістер.

Бір кездері жастармен бірге отырғызған 154 ағаш бүгінде жеміс бере бастады. Қазіргі күнде алма, өрік, шие сынды жеміс ағаштары таңдай қақтырады.

83EC348F-267E-435C-A37A-B8A4513DEF04

Жеміс-жидекке бөленген саябақтағы алқызыл жеміс ағаштарының бәрі ерекше. Бұның бәрі еңбек пен төгілген тердің нәтижесі деп білеміз. Бұнда абаттандырудан бөлек, саябақтардың сәнін кіргізу бағытында да жұмыстар жетерлік. Алдағы мақсаттар одан да ауқымды. Ең бастысы, еселі еңбектің барлығы да болашақтың игілігіне бағытталып жатқанын байқадық.

Жұлдыз Асқар

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале