20.12.2020, 10:24
Оқылды: 77

Казталовтық Баубектің жаңа рекорды

Қазақстандық Жыланбаевты кім танымайды?! Желаяқ Жыланбаев Сахара шөлін көктей жүгіріп өтті. Африканың «қара маржандары» сонау Қазақстаннан келген желаяққа таңдана қарады. Міне, біздің қазақ баласы әлемді таңқалдырғанын жұртшылық жақсы біледі. Жыланбаевтың артынан ерген желаяқтар бар ма екен? деген сұрақ туындауы мүмкін. Иә, жетерлік. Казталовтық желаяқты кім біледі? Облыс бойынша ұзақ қашықтыққа жүгіруден біраз рекорд қойған біздің жерлесіміз. Ол – Баубек Меңдібайұлы Ілиясов.

 IMG_7384-20-12-20-10-06

15 желтоқсан күні сағат 10.00-де Оралдан бастап 16 желтоқсанда 09.45-те Шыңғырлау ауданы, Қарағаш ауылдық округі, Ақсуат елді мекені маңындағы Сарқырама бұлағына жетті.

- 16 желтоқсан ел Тәуелсіздігінің 29 жылдық мерекесіне орай Орал қаласынан Сарқырама бұлағына 230 шақырым қашықтықта жүгірдім.

Сол күні сағат таңғы 10.00-ден бастап 23 сағат 41 минут жүгірдім. Жол барысында үлкен қиындықтар болды. Әкем мен анам ауылдан келіп, жол бойында қолдау білдірді. Достарым да қаладан арнайы келіп, менімен бірге барлық дистанция бойына жүгіріп өтіп, қолдады. Жан достарым Армат Төребеков, Ерболат Исанов, Асылбек Ахатов, Азамат Темірханов, Сұлтан Ахинбасов, Архат Исенғалиевке ризамын, - дейді жерлесіміз.

Желаяқ Орал-Сарқырама бағытындағы осынау іс-шарасын 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына және Тәуелсіздік күніне арнады.

 

Әсем Болат,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале