20.11.2022, 17:29
Оқылды: 47

Казталовтық дәрігер Оралда дауыс берді

Сайлауда сайлаушылардың түрлі себеппен туған жерінен жырақта жүруіне байланысты дауыс беру мүмкіндіктерін сақтау мақсатында есептен шығару парағы беріледі. Казталов аудандық ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Ғазиза Ануарқызы да жұмыс бабымен облыс орталығына сапар шегіп, қаладағы сайлау учаскелерінің бірінде таңдау жасады.

4

- Конституцияға сәйкес еліміздің әр азаматының өз таңдау құқығы бар. Мен сайлауда таңдау жасау парызым деп білемін. Өйткені, болашаққа жол бастар ел басшысын сайлау, ертеңін ойлаған әрбір қазақстандықтың міндеті. Бүгін жұмыс бабына байланысты қалада өз таңдауымды жасадым. Елміз аман, жұртымыз тыныш болып, бейбітшілігіміз мәңгілік болғай!, - деді дәрігер.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале