17.09.2026, 10:15
Оқылды: 8

Казталов ауданында чемпионға құрмет көрсетті

Казталов ауданының Ақпәтер ауылында дзюдодан кадеттер арасында Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Фатима Сұпығалиева мен оның жаттықтырушысы Ерлан Уналовты ауыл азаматтары арнайы қарсы алып, айрықша құрмет көрсетті. Чемпион мен бапкердің Ақпәтерге сапары аудандық мәслихат депутаты Ерназар Хамзиннің арнайы шақыртуымен ұйымдастырылды.

image-17-09-26-12-15

Кездесу барысында ауыл азаматтары жас спортшының тарихи жетістігіне қуаныш білдіріп, оған ақжолтай тілектерін жеткізді. Ұлттық дәстүрді ұлықтаған азаматтар чемпион мен оның бапкеріне құрмет көрсетіп, ақ батасын берді. Аудандық мәслихат депутаты Ерназар Хамзин Фатима Сұпығалиева мен оның жаттықтырушысы Ерлан Уналовқа қос тұлпар мінгізіп, құрмет көрсетті.

Сонымен қатар Жеңіс Стамғазиев, Ерназар Хамзин, Бекжан Тілеуғалиев, Тілек Сапаров, Дулат Рахматтуллин, Мерхан Нұрмұханов, Абылай Шакуов, Асхат Сапашев, Аңсар Ибраев және Ерсұлтан Хамза бастаған аудан азаматтарының атынан әлем чемпионына 10 бас жылқы тарту етілді.

 

Әдемі Жасұланқызы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале