12.12.2021, 11:40
Оқылды: 58

Казталовтықтар үздіктер қатарында

9-11 желтоқсан күндері аралығында облыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық турнир оздырылды.

46D3DDED-9A0A-45F5-8813-D9465281810F

Турнирде Казталов ауданының намысын қорғаған мемлекеттік қызметкерлер шахмат, үстел теннисі, футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жүзу спорты түрлерінен сынға түсіп, жалпы командалық есепте ІІІ орынды иеленді.

CC9EA0A5-5705-405F-B99E-E982CD7F11FA

Турнирде мемлекеттік қызметшілеріміз өздерінің спортқа бейім екендігін дәлелдеп, облыс жұртшылығын қайсарлығымен, батырлығымен, батылдығымен тамсандырды.

Айта кетейік, турнир Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

"Ауыл айнасы"

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале