5.10.2020, 18:23
Оқылды: 84

Кейуананы тонаған

Қыркүйектің 29-ында кешкі сағат 22.00 шамасында белгісіз екі адам  Бәйтерек ауданы Щапов ауылының Жайық көшесіндегі №21 үйдің есігін сындырып, ішке баса-көктеп кірген. Сол үйдің тұрғыны, 1934 жылы туған кейуанаға күш қолданып, қол-аяғын скотчпен байлап, сол кісіге тиесілі 300 мың теңгені алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аяқ-қолын скотчтан әрең босатқан қайсар әжей жеті түнде көршілерінің үйіне жетіп, болған оқиғаны өзі хабарлаған.

kempir

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қылмысты ашу мақсатында жедел тергеу тобы құрылды. Оның құрамында БҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкері және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бар. Қылмыстың ізін суытпай ашу үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Сұлтан Шалдарбеков.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале