25.02.2022, 20:01
Оқылды: 117

Келелі жиын ауыл шаруашылығына арналды

Үстіміздегі жылдың 25 ақпаны күні Шыңғырлау ауданында көктемгі далалық жұмыстарына дайындық, несиелеу, ауыл шаруашылығы, жер және ветеринария саласындағы өзекті мәселелер тақырыбындағы ауқымды жиын өтті.

IMG_0798

Жиынға аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова төрағалық етіп, оған БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Н.Қарағойшин, облыстық жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру бөлімінің басшысы Н. Жұмағалиев, «Даму» акционерлік қоғамының БҚО бойынша аймақтық филиалының директоры Ә.Тлемисов, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының облыс бойынша филиал басшысының орынбасары Е.Сералин, «Aqjaiyq Atameken» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманы А.Айтқалиев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО бойынша филиалының бас маманы Е.Иденов, «Амангелды Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі А.Нұғманов, «Андас Агро Трейд» компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Д.Садықов, сондай-ақ Шыңғырлау ауданының прокуроры М.Ищанов қатысты.

WhatsApp Image 2022-02-25 at 20.54.20

Мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық және АШӨК басшылары бас қосқан бұл келелі кеңесте ең адымен көктемгі далалық жұмыстарға дайындық, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларын және несие шарттарын түсіндіру туралы болды.

Облыс орталығынан келген басшылар мен мамандар сөз алып, ауыл шаруашылығының дамуы мен оған кедергі болар факторларды, заңдылықтар мен ережелер, ауыл шаруашылығындағы инновациялық үрдістерді қолдану жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, шаруалар тарапынан қонақтарға көптеген сұрақтар қойылып, жер мәселесі, субсидия шарттарындағы несие, несие кепілдемелері турасындағы кейбір қиындықтарды айтып, ортаға өз ойларын салды.

WhatsApp Image 2022-02-25 at 20.56.06

Жиында сөз алған БҚО ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Н.Қарағойшин шаруалар үшін жақсы жаңалықтарын да айта өтті. Мұның бірі - шаруалар үшін несие пайызын 2 пайызға дейін түсіру қаралып жатқандығын және де мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар күтілетініне жиналғандарды сендірді.

IMG_0761

А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале