Электр жүйесі - өзекті мәселе
11 Тамыз 2022

Электр жүйесі - өзекті мәселе

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты
11 Тамыз 2022

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!
11 Тамыз 2022

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Жастармен жарқын жүздесу
11 Тамыз 2022

Жастармен жарқын жүздесу

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті
11 Тамыз 2022

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
11 Тамыз 2022

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Кермеге тартылып жарысты  

«Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен кермеге тартылу және қолды бүгіп жазу (брусия) спорт түрлері бойынша аудандық оқушылар және ауыл жастарының арасында жарыс өтті.
Спорт клуб3

Нашақорлықтың алдын алу мақсатында өткен жарысқа Аққозы, Саралжын, Қаракөл, Сулыкөл ауылдық округтерінен 15-ке жуық спортшы қатысты.

Жарыста «Қаратөбе» спорт клубының директоры Екпін Тналиев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысында кермеге тартылудан 18 жастан төмен спортшылар арасында І орынды Тоқтар Қадіржан (Қарақамыс ауылы), ІІ орынды Досым Рүстем (Қалдығайты ауылы), ІІІ орынды Дәулет Құрметқалиев (Қалдығайты ауылы) иеленсе, 18 жастан жоғары спортшылар арасында І орынға Медет Дүйсеғалиев (Қарақамыс ауылы) ие болса, ІІ орын Ермахан Сисенге (Ақтайсай ауылы) бұйырды. Ал  ІІІ орынды Саламат Қоңқабаев (Қоржын ауылы) жеңіп алды.

Қолды бүгіп жазу (брусия) бойынша 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында  І орын Дәулет Құрметқалиев (Қалдығайты ауылы), ІІ орын Тоқтар Қадіржан (Қарақамыс ауылы), ІІІ орын Рысбек Жұмаға  (Қарақамыс ауылы) бұйырып, жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Қолды бүгіп жазудан 18 жастан жоғары қатысушылар арасында І орынды Медет Дүйсеғалиев (Қарақамыс ауылы), ІІ орынды  Ермахан Сисен (Ақтайсай ауылы), ІІІ орынды Саламат Қоңқабаев (Аққозы ауылы) жеңіп алды.

Райымбек Абайұлы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале