15.02.2023, 23:04
Оқылды: 22

Кезек күткен мәселе де аз емес

Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің кезекті есеп беру жиыны Қызылоба мен Пятимар ауылдық округтерінде жалғасты.

866C812B-7ADC-4E00-9907-6B39272226FF

Алдымен Қызылоба ауылдық округінде өткен жиынға аудан әкімі Дархан Закарин, аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Асылан Оразалиев, аудандық аурухана басшысы Ербол Сәрсенғалиев және ауылтұрғындары қатысты. Өз кезегінде сөз алған ауыл әкімі Аманжол Жұмағазиев жергілікті жерге қатысты көптеген атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасап, аудан әкімі Дархан Закаринге сөз кезегін ұсынды. Д.Әмірханұлы қазіргі таңда ауылдағы басты мәселелердің бірі жұмыссыздық екенін алға тартып, халықты мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып, кәсіп ашуға шақырды. Одан әрі қатысушы тұрғындар әкімдерге және қатысып отырған мекеме басшыларына өздерін толғандырған ұсыныс-пікірлерін, сұрақтарын қойды. Напиха Мухайдарова, Марат Қожахметов, Бақытжан Жұмағазиев, Жұмагерей Самиғалиев, Бекзат Кеңесов және Сұлушаш Мұқашева сынды ауыл тұрғындары мәдениет үйінің жертөлесіне күрделі жөндеу қажет екені және ауылда дәрігер жоқтығы айтылып, несие және жұмыссыздық мәселелері қозғалды. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкер Сәндігүл Исмағұлова аудандық аурухана мен ауылдық бөбекжай арасындағы келісім шарт жөнінде және орталық ауруханадағы УДЗ аппаратының жұмысы жөнінде сөз етті. Аудан орталығына жүн түтетін, жүн жуатын арнайы орын ашуды ұсынды. Одан әрі тұрғындар аудан әкімі Д.Әмірханұлына және аурухана басшысы Е.Сағынғалиұлына, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Қанатұлына қабылдауына жазылып, жеке мәселелері бойынша жолықты.

4B66C849-CF3A-44D9-BBE0-7EAB792916D7

Қызылоба ауылындағы жиыннан соң Пятимар ауылына жол тарттық. Бұл есепті кездесуге аудандық электр торабының басшысы Сәтжан Ғабдуллин, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Асылан Оразалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмар, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Берік Шорманов қатысты. Аталмыш ауыл әкімі Жақсылық Хайрелов округтағы шешімін тапқан өзекті мәселелерге шолу жасап, алдағы атқарылатын жұмыстарды сөз етті.

D02AABE7-6A17-44EC-BF8B-C5E25E3CC8DE

Аудан әкімі Д.Әмірханұлы да тұрғылықты халықтың әл-ауқатын арттыратын жобалар жөнінде баяндап, көгілдір отын, ауыз суы, кірме жол жайына тоқталды. Әрі қарай Нұрлан Еркеғұлов, Айдарбек Есенғалиев, Руслан Имашев, Айнагүл Бегалиева, Бауыржан Батыров және  Жақсылық Бисенғазиев балабақшаны үлкейту жөнінде және оның күрделі жөндеуі туралы сөз етіп, жұмыссыздық, көше жарығы, ауыз суы, газ, ауыл тазалығы, ауылдық медициналық пункт, жер жөнінде көптеген сауалдарын жолдады. Ауыл халқының көпшілігінің көкейінде бір сауал, бір талап – жұмыс тапшылығы. Есепті кездесу соңы тұрғындардың жеке мәселелері бойынша аудан әкімі мен мекеме басшыларының қабылдауынажалғасты. Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Нұргүл Елтайқызы, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале