29.09.2022, 16:00
Оқылды: 68

 Кезектен тыс конференция өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясы өтті. AMANAT» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың төрағалығымен өткен жиынға саяси кеңес, Бюре мүшелері, депутатар, партия белсенділері қатысты.

IMG_3112

Конференцияның күн тәртібіндегі бірінші сұраққа сәйкес «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Тағаниязов партияның Саяси тұғырнамасының жобасымен таныстырды. «Біздің алдымызда түбегейлі саяси, экономикалық реформаларды табысты іске асыру, демократиялық қағидаларға негізделген жаңа әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр» дей келе, Азамат Құлымжанұлы партияның басты құжатында көрсетілген «Берекелі отбасы», «Білімді ел» және «Халық саулығы» тарауларына кеңінен тоқталды. Келесі сөз кезегін алған партия мүшесі Тілеген Қалиев тұғырнаманы толық қолдайтынын жеткізді.

IMG_3123

Сонымен қатар жиын соңында ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс өтетін конференциясына делегаттар сайланды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале