29.04.2022, 14:45
Оқылды: 76

Кезектен тыс сессия

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы өтіп, оған мәслихат депутаттары, бөлім басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкім аппаратының басшысы қатысты.

32

Аудандық мәслихаттың хатшысы Тахир Қадимовтың төрағалығымен өткен сессияда Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №14-1 «2022-2024 жылдарға арналған тоғыз ауылдық округтің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы ауыл әкімдерінің хабарламалары, сондай-ақ Жәнібек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы «Жәнібек аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» №20-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланып, шешім жобасы депутаттарға таратылып берілгендіктен, бұл мәселелер бірауыздан бекітілді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе Жәнібек аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 ақпандағы «Жәнібек ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №3-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиевтің хабарламасы тыңдалды. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың депутаты Шапағат Орынғалиевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының құрамынан шығару туралы өз еркімен берген арызына байланысты депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, аталған комиссияның құрамынан шығарылды, Жәнібек аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 ақпандағы «Жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы» №15-4 шешімін жою туралы мәселе бойынша да депутаттар шешім жобасын бекітті.

Сессияда сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттерге кеңінен тоқталды.

 

А.Есіркепов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале