16.09.2021, 19:12
Оқылды: 45

Киберспорттан сайысқа түсті

Киберспорт көпшілікке етене таныс болмаса да, елімізде 15-20 жылдан бері дамып келе жатқан виртуалды ойын түрі. Алғашқы кездері бұл ойындар компьютерлік клубтарда әуесқой ойыншылар арасында әдеттегі жарыс түрінде ұйымдастырылған болатын. Қазіргі таңда киберспортпен кәсіби түрде айналысатын арнайы командалар жасақталып, мемлекетаралық деңгейде сайыстар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

кибер-1

Жастар арасында танымалдылыққа ие «Gambit Esports», «Авангарт» сынды қазақстандық киберспортшылар дүниежізілік деңгейде жүлделі орындарды иеленіп жүр. Біздің ауданымызда да киберспорт ойндарына қызығушылық танытатындар аз емес.

Осы орайда 14-29 жас аралығындағы жастардың арасында киберспорттан тұңғыш рет аудандық турнир оздырылды. Бас-аяғы 12 қатысушы жеребе суыру арқылы өз тобын айқындап, «FIFA21» турнирінен онлайн сынға түсті.

кибер-2

Тактикалық іс-әрекеттерді шеберлікпен қолдана білген Мұратхан Нәбиғалиев І орынға табан тіресе, ІІ орынды Серік Шамшенов, ІІІ орынды Естөре Рахметуллин мен Рамазан Байбеков жеңіп алды.

Барша жеңімпаздар арнайы медальдармен, сыйлықтармен марапатталды.

 

 Қуанышбек ҒИНИЯТОВ,

аудандық ресурстық орталықтың кеңесші маманы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале