28.06.2021, 16:58
Оқылды: 139

Кітап керуенін ұйымдастырды

Жуырда Бәйтерек аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық балалар кітапханасы «Зердеңді ашар 30 кітап» атты шара ұйымдастырды.

BD4F5B76-FC73-473C-82D4-18B351F54EBC

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітаптар жинағын оқырманға таныстырып, қолжетімді ақпаратпен бөлісіп, аудан азаматтары арасында қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау және жас ұрпақтың интеллектуалды және рухани дамуына үлес қосу мақсатында өткен шара «Бір ел - бір кітап» акциясы шеңберінде оздырылды.

Шара барысында кітапханашылар Переметный-Тасқала бағытында жүретін поездпен жолға шықты. Сапар кезінде олар жолаушыларға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған кітаптар туралы ақпарат беріп, үнпарақтар таратты. Интеллектуалды ойындар ұйымдастырды.

37F9086A-4A4F-4F7D-A86A-EDAA68D06916

-«Бір ел - бір кітап» акциясы аясынды биыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма жанрындағы 30 үздік шығарма іріктелді. Оқуға қызығушылық танытқан жан бұл кітаптарды QR код арқылы тауып оқи алады. Алдағы уақытта Перметный-Орал бағытында жолға шығып, жұмысымызды жалғастырмақпыз,-дейді орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балалар және жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі әдіскері Арай Маруанова.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале