12.04.2017, 17:47
Оқылды: 30

Жемқорлыққа қарсы жүйелі іс керек

????????????????????????????????????

    Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу тақырыбына арналып кеңес өтті. Мемлекеттік қызметшілер, азаматтық қоғам өкілдері, ауыл, мекеме, ұйымдар жетекшілері, бөлімдердің бас мамандары қатысқан шараны ашқан аудан әкімі Әділ Жоламанов Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына сай, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, жоюға қатысты міндеттердің ел тағдыры үшін қаншалықты маңыздылығын баяндады.


   Кеңес жұмысына қатысқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов өз сөзінде мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сипаттай келіп, облысымыздың мемлекеттік органдарында ішкі конкурстар нәтижесіндегі тағайындаулардан, мансаптық ілгерілеулерден мысалдар келтірді. Ол көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы болуы бүкіл кемшілікке тосқауыл болатынын саралады. Б.Исақов агенттік бастамасымен оқушыларды тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері бекітілгенін әңгімеледі. Әр мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды. Бүгінгі күні «Адал ұрпақ» құрамында республика бойынша 750 мыңнан астам оқушы болса, облысымызда 309 мектептің мыңнан астам оқушысы клуб мүшелері атанды.

         БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті 2016 жыл мен осы жылдың 3 айында 128 сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді, соның жартысы (68) парақорлық болып табылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша 236,7 млн. теңге мемлекетке залал келген болса, соның 94,3 млн. теңгесі қайтарылды. Сот үкімдерімен салынған айыппұлдар 85,4 млн. теңгені құрайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген 53 тұлға болса, солардың 15-і облыстық, жетеуі аудандық, 29-ы қалалық және екеуі ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер, арасында 5 басшы мен олардың орынбасарлары бар. Иә, мұндай қылмыс жасағаны үшін лауазымына қарамастан, жауапкершілікке тартылады. Кеңесте аталған агенттік ұлттық бюросының облысымыз бойынша департаментінің бөлім басшысы Ардақ Ізғалиев осы жайында айтты. «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының инспекторы Махамбет Мұқашев 5 институттық реформа және «Нұр Отанның» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасы ел сыртқы тәуекелдермен, дүмпулермен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі таңда бұрынғыдан да көкейкесті бола түскенін әңгімеледі.

     Аудан әкімі Ә.Жоламанов жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге қатысты ой-пайымдарын ортаға салды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале