19.04.2024, 18:34
Оқылды: 21

Кітапханаға жаңа басшы тағайындалды

Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы лауазымына Нұркен Сабиров тағайындалды.

IMG-20240418-WA0020

Жаңа басшыны ұжымға таныстырған  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дана Ғайнуллина Нұркен Хайроллаұлының қызметіне сәттілік тіледі.

Кітапхананың су жаңа басшысы Нұркен Сабировтың есімі аудан жұртына жақсы таныс. Осы кезге дейін біршама мекемеде басшылық қызмет атқарған. Мамандығы - мұғалім. Еңбек жолын сонау 1995-2003 жылдары Т.Масин атындағы орта мектебінде қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдігінен  бастаған. Одан соң директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған.

Әр жылдары Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің бас маманы,  аудан әкімі аппаратының туризм және спорт жөніндегі бас маманы,  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары,  аудандық білім беру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы,  Қ.Сағырбаев, М-С.Бабажанов атындағы мектептердіі директоры,    Саралжын ауылдық округінің әкімі, аудандық білім беру бөлімінің басшысы,
М.Мәметова атындағы мектеп жанындағы интернат меңгерушісі,  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымдарында жұмыс жасаған.

Дәл бүгінгі таңға дейін  аудандық туризм және экология орталығының педагог ұйымдастырушысы қызметін атқарып келді.

Ақсәуле Әлжанова,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале