3.09.2021, 11:44
Оқылды: 73

Қоғамдағы өзекті мәселелер қамтылды

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауын  жариялады. Президентіміз Жолдауында көптеген маңызды мәселелерге айырықша мән беріп, өте жақсы нәрселер мен тың бастамаларды тілге тиек етті.

Еркін Базарғалиұлы САПАРОВ

Алдымен Қазақстан халқына Жолдауын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сөздерімен бастап, ең басты жетістіктерімізге тоқталды. Одан соң пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы білім беру, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыпастыру, саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау және ұлтты ұйыстыруға арналған  мәселелерді толық қамтыды.

Жолдаудың түпкі нәтижесі ол әрбір қазақстандықтың әлеуетінің артыруына бағытталған. Себебі мемлекетіміздің басты байлығы – Қазақстан халқы. Жолдаудағы айтылған мәселелер, қозғалған тақырыптар жан-жақты ойластырылған. Жалпы, біздің Президентіміздің барлық бастамалары мен тапсырмалары орынды. Енді оларды орындау міндеті тұр.

 

Еркін Сапаров,

Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале