17.11.2022, 17:30
Оқылды: 43

Көгілдір отын алауы  – халықтың көптен қалауы

Ауылдық елді мекендерді дамыту, олардағы инфрақұрылымды жақсартып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру - мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы міндеттерді жүзеге асыруда Казталов ауданында да көптеген ілкімді істер жүзеге асуда. Сондай іргелі жұмыстардың бірі — елді мекендерді газбен қамту. Биылғы жылы ауданымыздың 16 елді мекені газ желісіне қосылуда.

WhatsApp Image 2022-11-17 at 16.54.50 (1)

17 қараша күні Казталов ауылдық округіне қарасты Сексенбаев, Бірік ауылдық округіне қарасты Қызылту және Бостандық ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылдарының тұрғындары қуанышқа бөленіп, көгілдір отын жағу бақытына кенелді.

Үш ауылдағы қуанышқа қатысқан Казталов ауданы әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтап, газ желісін тартқан «ӘлияСервис» ЖШС-нің Нұрболат Маратұлына ел атынан алғыс білдірді. Қаракөл ауылындағы көгілдір отынның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев пен ауылдың ақ жаулықты әжесі Әдемі Қадекенова газ алауын жағып, көпшілік қуанышын еселеді.

WhatsApp Image 2022-11-17 at 16.54.50 (5)

Отын жағып, күл шығару бейнетінен құтылған ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Қызылту ауылының тұрғыны Жолдабай Кенжин ақсақал «Осы қуанышты күнді күткенімізге бірталай уақыт болды. Ауылға газ тартылады деп естігелі бері үйіміздің ішін соған қарай ыңғайлап, алдын ала жылыту жүйесін орнатып қойған жайымыз бар. Туғалы осы топырақта өсіп-өніп келе жатқандықтан атақонысымызды тастап басқа жерге қоныс аударудың өзі қиын. Әрине көптеген ауылдастарымыз қалаға, аудан, округ орталығына қарай көшіп кетіп, үйлердің қатары да сиреп қалды. Дегенмен, ауылда қалған ағайынның бүгінде қуанышы еселеніп, көгілдір отын игілігін көретін күнге де жетіп отыр. Ауылымыздағы осындай игі істің жасалуына жәрдемші болған аудан әкімідігіне, мердігер компания басшылығына және ауыл әкіміне барша ауыл тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін. Ел игілігі үшін жасалар істер жалғасын тауып, тек амандықта жақсы жайлардың куәсі болып отыра берейік дегім келеді» деген ізгі лебізін білдірді.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале