Бүгін тұтас бір мемлекетіміз үшін маңызды күн. Бұл күні елімізде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 1992 жылғы осы күні еліміздің жаңа Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітіліп, мемлекеттік рәміздер тарихымызда жаңа парақ ашылды.Бұл мереке егемендігіміздің басты нышандары – Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметті арттырып, отансүйгіштік сезімді ұлықтайды.

Бүгін аудан орталығында мемлекеттік маңызды мерекеге арналған тағылымды шара өтті. Салтанатты шара сөз алған аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов, "Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Біз тәуелсіздікке үлкен құрбандықпен жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы", - деп, игі тілегін білдірді.

Салтанатты шара еселі еңбегімен елге қызмет еткен ауылдастарыңыз марапатталды, өнерпаздарымыз патриоттық әндерін шырқап, шараның маңызын айшықтай түсті.

Ұлттық рәміздеріміздің тарихына тоқтала кетсек, рәміздер жобаларын жасау конкурсында 600-ден астам адам қатысқан екен. Мемлекеттік ту эскиздері бейнеленген шығармашылық еңбектері бар түскен өтінім 1200-ді құраған. Сондай-ақ конкурсқа болашақ Елтаңбаның 245 сурет жобасы мен 67 суреттемесі және Әнұранның 750 нұсқасы ұсынылыпты.
Ұлпан Әнуарқызы,
Суретке түсірген Әділет Абдиров,
Бөкей ордасы ауданы
