29.11.2021, 9:55
Оқылды: 53

Қол күресінен жүлделі оралды

Таяуда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен жас жеткіншектер, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында қол күресінен облыстық чемпионат өтті.

5

Көпжасарлық жас спортшыларды жарысқа дайындап Жалғас Неғметов апарған болатын. Көпжасарлық Гүласыл Болатова 50 келіге дейінгі салмақта жүлделі ІІІ орынға ие болды. Ал Тахмина Шакрикова 55 келіге дейінгі салмақ  дәрежесінде ІІ орынды қоржынға салды.

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров жүлдегерлер спортшыларға диплом мен медальді өз қолымен табыс етті.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале