12.05.2022, 13:00
Оқылды: 1

Қолаға қол жеткізді

Таяуда Бөрлі ауданы Ақсай қаласында Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан Барысы» облыстық іріктеу жарысы өтті.  Жарысқа облысымыздың аудандарынан және Орал қаласынан палуандар қатысты.

7B2A5038-9F06-44B0-B639-D2683F2535F5

Аудан намысын қорғаған Ерасыл Ахметов қола жүлдеге ие болды. Бапкері ұлттық дәрежедегі төреші Батыров Замир Серікұлы. Жарыс туралы жерлес палуанымыздың пікірін білген едік.

- Биыл жарыста 4 палуанмен күрестім. Шыңғырлау, Ақжайық аудандарының барыстарын жықтым. Жартылай финалда сырымдық палуанға есе жібердім. Қола жүлде үшін айқаста Бәйтерек ауданының барысын қапы қалдырдым. Былтырғы жетістікті қайталап, қола жүлдені еншілеп қайттым. Дайындықтың аз болғанын жасырмаймын. Негізі қандай спорт болса да дайындық көп нәрсені шешеді. Республикаға жолдаманы келесі жылы алуға бар күшімді саламын. Маған үміт артып, сенім білдірген, қолдау көрсеткен жерлестеріме шын жүректен алғыс айтамын. Жеңісті күндеріміз көп болсын, - дейді Е.Жайсаңұлы.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале