6.03.2023, 15:45
Оқылды: 50

Көп балалы аналармен кездесу кеші өтті

Бүгін Жәнібек аудандық кітапхана, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық және мәдениет қызметкерлерінің бірлесуімен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Әлемнің құдірет күші аналар» атты көп балалы аналармен кездесу кеші өтті.

2803e334-adc9-44d5-a3f8-dcb0275252f7

Жаһанды мейірімге бөлеген аналарға арналған Шынар Каюпованың «Барамын апа көктемде» әнімен сахна шымылдығы ашылды. №1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Аида Қожасова өз жүрегінен шыққан «Ана» өлеңін оқып, мәртебелі өлеңді сөйлетті.

f066dd10-70b3-42cb-9f2e-8bcc636d03dd

Бұл мерекелік кешке кішкентай бүлдіршіндер де өз үндерін қосып, аудандық саз мектебінің оқушыларынан құралған хор сахнаны әсем әнмен тербетті.

М. Ықсанов атындағы атындағы колледж студенті, кітапхананың үздік оқырмандарының бірі Әсемгүл Князева «Жетім қыз» монологын оқып, көрермендердің қолпашына бөленді.

Аудандық кітапхананың бір топ жас оқырманы қазақ ақындарының аналарға арналған өлеңдер топтамасын оқып, жырдан шашу шашты.

Сонымен қатар кеш жүргізушілері арнайы қонақтар Майгүл Наурызғалиева, Меңдігүл Әмірова, Анара Хамитова, Күләш Биғалиева, Ақбану Айтқалиеваларды таныстырып, жеке-жеке тоқталды. Аудандық саз мектебінің мұғалімі Аслан Боранбаев Айлин Биболат, Аяна Қамет есімді өз шәкірттерімен өнер көрсетіп, «Анамның тілі» әнін орындады.

Кеш соңында қонақтарға естелік сыйлықтар беріліп, ұйымдастырушылар атынан лебіз айтылды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале