1.12.2021, 19:54
Оқылды: 83

Көпшілік марафон өтті

Бүгін Казталов ауданы орталығында жасөсіпірімдер мен ересектер арасында түрлі қашықтықта көпшілік жүгіру марафоны өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы мен ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткен спорттық шараны «Айбын» спорт клубы ұйымдастырды.

33

Көпшілік марафонға Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиев, аудан әкімінің орынбасары Қадер Нұрғалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев және бірқатар ауылдық округ әкімдері мен спортшылар қатысты.

32

Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиев аудан жұртшылығын ҚР Президенті күні мерекесімен және Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, желаяқ спортшыларға спортшыларға сәттілік тіледі.

31

Марафонға қатысушылар 5 және 1,5 шақырым, 600 және 800 метр қашықтықтарды бағындырып, жүзден жүйріктер анықталды. Нәтижесінде 8-11 жас аралығында 600 метр қашыттықты бағындырған казталовтық Әмірхан Қуатов ІІІ орын, біріктік Айбек Жасталап ІІ орынды иеленсе, жүлделі І орынды Ерхан Талғат қанжығасына байлады. 12-14 жас аралығында 800 метр қашықтықта жүгіріп өткен Бостандық ауылынан келген Нұрсұлтан Жұмагелді ІІІ орын, Мадир Иран ІІ орын, Әлішер Мақсотов жүлделі І орын иеленді. 15-17 жас аралығында 1,5 шақырым қашытықты бағындырған шабандоздар арасында Біріктік желаяқтар Нұрбол Беманбетов ІІІ орынмен, Ұлан Жасенов ІІ орынмен, Ескендір Қайыржанов І орынмен жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 5 шақырым қашықтықта бақ сынаған марафоншылар арасынан суырылып алға шыққан казталовтық Тимур Тұрымов ІІІ орын, ақпәтерлік Әліби Гнедко ІІ орынды иеленіп, бостандықтық Тұрарбек Қалиев І орынды иеленді. Жарыста Бостандық ауылының қара домалақ баласы Ниет Өмірзақ ең жас спортшы ретінде танылды.

30

Марафон жүлдегерлері «Айбын» спорт клубының дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапаттады. Спорттық шара аясында көпшілік дене жаттығулары жасалып, мәдениет қызметкерлері күннің қара суығына жаураған спортшыларды әсем әуендерімен жылытты.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале