1.01.2023, 11:03
Оқылды: 192

Қош келдің, Жаңа жыл!

Бүгін теректіліктер аудан әкімдігінің алаңында Жаңа жылды қарсы алды.

IMG-20221231-WA0080

Ең алдымен, барлық тұрғын мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған театрланған қойылымды тамашалады. Содан соң ескі жыл Барыс, жаңа жыл Қоян, Аяз ата және Ақшақармен шыршаны айнала би биледі.

IMG-20221231-WA0074
Аяз ата тақпақ айтқан бүлдіршіндерге, әдемі киінген тұрғындарға арнайы сыйлықтарын табыстады. Аудан әкімі Тілек Габдушев жерлестерін Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық пен табыс тіледі.

IMG-20221231-WA0079

Мерекеде ғимараттарын әдемі безендірген ұжымдар да назардан тыс қалмады. Атап айтсақ, Достық үйі, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, денешынықтыру және сауықтыру кешені, «О market», «Марина» дүкендерінің ұжымдарын «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев марапаттады.

IMG-20221231-WA0075

Жаңа жылдық лотерея ойынына қатысып, сыйлық ұтып алған теректіліктер мерекелік отшашуды тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйде үйді-үйіне тарасты.

Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале