3.10.2022, 20:25
Оқылды: 44

Қоскөлде футбол алаңы ашылды

Бүгін Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылында футбол алаңы ашылды.

Қоскол футбол (2)

Айтулы шараға аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Меңдешов, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов қатысты.

Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы ауыл тұрғындарын округ орталығындағы футбол алаңының ашылу салтанатынатымен құттықтады.
– Халқымыз ертеден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлық санаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін жан-жақты жағдай жасауда. Болашағы сау ұлттың бәсекеге қабілеті жоғары. Сондықтан бұқаралық спортты дамытудың маңызы зор. Бүгінгі қуаныштарыңызға ортақпын, - деді аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев.

InShot_20221003_201224155
Аталмыш іс-шарада Қоскөл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Нығыметов округ орталығындағы ауыл халқына ауадай қажет футбол алаңының салынуына қолдау көрсеткен аудан, ауыл әкімдеріне, алаңды сапалы салып, пайдалануға берген мердігер «Батыс құрылыс қызмет» ЖШС-ның жетекшісі Айболат Қанатұлына ауыл тұрғындары атынан алығыс айтып, жылы лебіз білдірді.
Округ әкімі Әділет Хайратұлы футбол алаңын салып берген мердігер Айболат Қанатұлының қызметіне ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.
Футбол алаңының ашылу салтанатында лента қию рәсімін аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев пен ардагер спортшы Зейнел Есенғазиев жүргізді.

Алаңның ашылу салтанаты аяқталысымен округке көршілес Егіндікөл, Жусандыой округтерінің және Қоскөл ауылы мен мектебінің оқушылары командалары арасында шағын футболдан ауыл біріншілігі өтті.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале