27.01.2022, 16:30
Оқылды: 47

Ковид тағы да бас көтеруде

Өткен аптада ғана жыл басынан 14 бөкейлік ковидқа шалдықты десек, арадағы бір аптада ауруға шалдыққандар саны 30-ға жетіп, күрт өсіп отыр.

13

–Ауданымызда  айтарлықтай аурудың ошағы жоқ. Десе де науқас жандардың өсімі байқалады. Өткен жылдың осы кезеңінде ауданда тек он науқас болса, биыл ол көрсеткіш үш есеге көбейді. Бүгінгі таңда мектепте мұғалім мен оқушыдан, балабақша қызметкерінде жалпы саны 4 факті анықталып, науқаспен тығыз  қарым-қатынаста болған сыныбы, науқас оқушының сыныптастары және  балабақша қызметкері істейтін біп топ үй карантиніне оқшауланды.

Мұндай жайт  ковидке қарсы екпе алғандар үшін емес, екпе алу санатына жатпайтын балалар үшін қауіпті болуы ықтимал. Сондықтан барша тұрғындарды екпе алуға шақырамыз. Айталық, науқастанғандардың арасында екпе алғандар да бар. Осы ретте екпе ауруға түбегейлі тосқауыл болмайды, ол бұл ауруды жеңіл түрде өткеруге жәрдем болатынын ескерткім келеді. Яғни, екпе алған адам ауырса, реанимацияға түсіп, ауа желдеткішіне тәуелді болмайды. Қазір ауырып жатқандар арасында 20 адамда ауру белгілері байқалса, 10-нында байқалмайды. Дені дерттің жеңіл түріне шалдығып, ем-домдарын үйінен алса, 4 адам ауруханада емделуде, – дейді ауданның бас санитары Света Рамазанова.

Раушан Жанатқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Фотосурет: centar.mk

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале