20.01.2021, 9:14
Оқылды: 80

Көздіғарада спорт алаңы салынады

Ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру жиынының кезекті отырысы Сырым ауданына қарасты Сарой ауылдық округінде өтті. Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиев 2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есебін беріп, биылғы жылғы жоспарларымен бөлісті. Жиынға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева және аудан мекеме басшылары қатысты.

 IMG_0614

Округ әкімі есептік баяндамасын 2020 жылы тұрғындар тарапынан түскен өзекті мәселелердің шешілуі жайлы есебінен бастады. Ең негізгі мәселе – Абай орта ЖББ мектебінің толық күрделі жөндеуден өткендігі. Естеріңізге сала кетейік, былтыр аудандық бюджеттен 413 млн теңге қаржы бөлініп, мектеп толық жөндеуден өткен болатын. Бұл жөнінде ауылдық округ әкімі және халықпен қатар мектеп мұғалімі Гүлбарам Ахметқалиева ескі мектепте жұмыс жасаса да, ұрпаққа білім беру ісін жауапкершілікпен атқарған ұстаздарға, білім ордасының жөнделуіне қолдау білдірген облыс, аудан басшыларына өз алғыстарын һәм ризашылықтарын білдірді.

IMG_0644

Ауылдық округтің негізгі күнкөрісі – мал шаруашылығы. Саройда мал саны едәуір өсіпті. 2021 жылы мал басы ірі қара 4530 басты құрап, 236 басқа, қой мен ешкі 11481 басты құрап, 420 басқа өссе, жылқы 3327 басты құрап, 301 басқа көбейген.

Жиналыста Сырым аудандық ауруханасының бас дәрігері Роза Тахамбетова арнайы сөз сөйледі. Ауданның бас дәрігері пандемияның алдын-алу шараларын және де алдағы ақпан, наурыз айларында коронавирус індеттің күшейетіндігін ескертіп, сақтану шараларын күшейтуді талап етті. Әсіресе адам жиі жиналатын той, қонақтықтарды доғаруды, қандай да бір аурудың белгілері пайда болған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінуге шақырды.

Есептік кездесуде ауыл адамдарыныңда өтініш-ұсыныстары тыңдалды.

IMG_0631

Көздіқара негізгі мектебінің директоры Жақсыгелді Қайыров елдің шаруасын айтты. Оның өтініші – жыл сайын кейінге қалдырылып келе жатқан Көздіқара елді-мекеніне ашық спорт алаңын салу екен. Аудан әкімі биыл жобалық-сметалық құжаттарын жасап, келесі жылы Көздіғараға спорт алаңын салып беруге уәде етті.

IMG_0615

Есептік кездесу толық санитарлық талапқа сай өтті.

 

Батырбек Жанболатов,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале