5.08.2023, 12:22
Оқылды: 13

Қуанай хазірет құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Жымпитыдағы Алаш саябағында Батыс “Алаш” үкіметінің рухани жетекшісі, орталық діни басқармасының мүшесі Қосдәулетов Қуанай хазіретке арналған ескерткіш тақта ашылды.

IMG_0495

- Күнбатыс Алашорданың қайраткерлерін, әсіресе Халел мен Жаһаншаның діни сауатын оятып, намазға келуіне себепкер болғанын білеміз. Одан бөлек, Түркиядағы “Айя София” мешітінде имамдық қызмет атқарған екен. Ұрпақтарының бастамасымен орнатылған бұл тақта келешек ұрпақтың қайраткер аталарының рухына тағзым жасайтын, еңбегін мақтанышпен еске алатын мекеніне айналары сөзсіз, - деді тың деректермен бөлісіп, ақжарма тілегін білдірген Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев.

IMG_0505
“Ескерткіш - елдіктің мұрасы” демекші, ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында құран оқылып, Қуанай хазіреттің ұрпақтары “бүгін Түкіштер үшін ұлы той” деп ағынан жарылып, тебіреніспен көсіле сөйледі.
“1863 жылы Жымпиты уезі, Қособа ауылында дүниеге келген. Руы Байбақты, Түкіш. Діни білімін Орал мешітінде Кафаровтан алған. Жымпитыдағы Батыс «Алаш» үкіметінің рухани жетекшісі, Батыс өңірінің Мұхтасибі болған. Орталық діни басқармасының мүшесі.

IMG_0498
1923, 1926 жылдары Уфа қаласында өткен Бүкіл Ресейлік мұсылмандар съездерінің делегаты. «Алаш» ордасьның белсендісі, контрреволюциялық, панисламистік көтеріліс ұйымы мүшесі деген айып тағылып, УНКВД үштігінің N°18 қаулысымен 1937 жылдың 7 желтоқсанында Орал қаласы түрмесінде атылған.” делінген ескерткіш тақтада.

IMG_0482

Ел ардақтыларын құрмет тұту, еңбектері мен ұлағатты істерін ұмытпау барша ұрпақтың тарих алдындағы парызы екені рас.

IMG_0492

IMG_0503

IMG_0486

IMG_0515

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале