4.12.2019, 12:48
Оқылды: 60

Құйтырқы істерге тосқауыл бар ма?

Бала күнімізде біреудің үйін тонапты, малын немесе тұрмыстық заттарын ұрлапты деген сөздерді сирек еститінбіз. Қазіргі күні адамның пиғылы өзгерді ме, әлде оңай олжа тапқысы келе ме, әйтеуір қасақана ұрлықтар, мүлкін жымқыру сынды проблемалық тақырыптар көбейіп келеді. Бұның себебі еңбектеніп тапқанша, басқадан ала салайын деген жымысқы ойлардың әсері. Түбі әрекеттерінің арты ашылып, тәртіптік жаза не айыппұл төлеп жатады.

qaztalov is

Қазталов аудандық полиция бөлімі жыл басынан бері 83,5 пайыз айыппұл өндірген. Атап айтар болсақ, ҚР ӘҚБтК баптары бойынша 1956 әкімшілік хаттама толтырылса, 373 әкімшілік іс аудандық сотқа жолданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға төмендеп отыр. 1585 әкімшілік іске шешім шығарылып, соның ішіндегі 715 хаттамаға айыппұл салынған. Жалпы әкімшілік хаттамаларға салынған айыппұл 6 775 854 теңгеге жетті (Өткен жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға төмендеген). Соның ішінде 5 849 181 теңге  айыпппұл өндірілген.

Аудандық полиция қызметкерлері әбден ығыр еткен айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер» іс-шарасын өткізіп келеді. Іс-шара барысында 30 әкімшілік хаттама толтырылып, 243 521,5 теңге өндірілді.  Жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындауға 704 475 теңгеге 44 әкімшілік қаулы  жолданса, 50 500 теңгенің 4 әкімшілік қаулы мәжбүрлеп өндірілді.

Аудандық сотта Қ. есімді азамат ӘҚБтК-нің 282-бабы 3-бөлігі 7-тармақшасында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қ. кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке дүкенінде жалпы құны 18 850 теңге болатын барлығы 31 шыны алкоголь өнімдерінің ілеспе жүкқұжаттарынсыз сақтаған. Қ. ӘҚБтК-нің 282-бабының 3-бөлігі 7-тармақшасымен кінәлі деп танылып, жалпы құны 18 850 теңге болатын барлығы 31 шыны алкоголь өнімдері (сыйымдылықтары 0,5 литр болатын 5 шыны «Хаома», 6 шыны «Зерно» арақтары мен 20 шыны «Нұржанар» сырасы) тәркілене отырып, оған 132 563 (бір жүз отыз екі мың  бес жүз алпыс үш теңге) айыппұл салынды.

 Осындай әкімшілік істер бойынша аудандық сотта күні бүгінде  6 заңды тұлға мен 48 жеке тұлғаға айыппұл жазасы тағайындап, 2 735 017 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сот құзыры мен қауқары бүгінгідей айыппұл салумен ғана шектелсе, құйтырқы істер күн санап көбеймесе кемімес. Бұндай жағдайда қатаң жаза қолданылса ғана тосқауыл болар деген ойдамыз.

Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?

 

Гауһар Әділжан

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале