22.02.2021, 12:31
Оқылды: 69

«Күміс алқа» табысталды

Бәйтерек ауданы Раздольный ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Сановар Назарымбетоваға «Күміс алқа» табысталды.

 IMG-20210219-WA0156

Сановар Рымбайқызы мен жолдасы көпбалалы отбасының отанасы мен отағасы. Жанұяның ұйытқысы, балаларының қамқоршысы болып жүрген Сановар анамызға «Күміс алқаны» аудандық мәслихат депутаты, жұмыспен қамту орталығының басшысы Алексей Герасимов табыс етті.

- Көпбалалы отбасылар еліміздің демографиялық дамуына өз үлестерін қосып жүрген жандар. Заман қиын, жұмыс жоқ деп түрлі сылтау айтпай, әр баласына бірдей қарап, жағдайын жасап отырған осындай отбасылар көпке үлгі болулары керек, - дейді А.Герасимов.

Көпбалалы анаға Алексей Герасимов отбасына қажетті заттар табыстады.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале