Бау-бақша жанданатын кез келді
15 Сәуір 2021

Бау-бақша жанданатын кез келді

Ауыз сумен қамту жақсармақ
15 Сәуір 2021

Ауыз сумен қамту жақсармақ

Қаһарман атындағы мектеп
15 Сәуір 2021

Қаһарман атындағы мектеп

Дәрігер жетпей әбігерміз
15 Сәуір 2021

Дәрігер жетпей әбігерміз

Теректілік мұғалім ерледі
15 Сәуір 2021

Теректілік мұғалім ерледі

Бәйтеректе «Мөлдір махаббат» байқауы өтті
15 Сәуір 2021

Бәйтеректе «Мөлдір махаббат» байқауы өтті

Құрақ көрпе тігетін биші қыз

Қыз – өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы. Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деген-ді. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Сондай он саусағынан өнер тамған, ата-дәстүрімізді жаңғыртушы қазақ қыздарының бірі – Диана Нұрбекқызы.

3EF2AEED-CD84-4A1D-AD0F-E936D22F1AD7

Ол – Казталов ауданындағы Ақпәтер ауылының тумасы. Бүгінде Оралдағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде хореография мамандығының 4-курс студенті. Мектеп қабырғасында би үйірмесіне қатысып, кішкентайынан қолөнерге әуес болып өседі. Тіпті бала кезінде «дизайнер-стилист болсам екен» деген арманы болған. Бірақ өсе келе биге деген қызығушылығы артып, хореограф мамандығына оқуға бел буады. Алайда жүрек қалауы қолөнерді қалап тұрса керек. «5-сынып бітіріп, жазғы

демалыс кезінде апам мен әжеме көмектесіп, алғашқы табысымды таптым. Сол кезден бастап қызығушылығым артты», – дейді ісмер қыз. Бүгінде апасымен бірге қыз жасауын жасап, оны шағын бизнеске айналдырған  оралдық жастардың бірегейі.

Негізінен құрақ көрпе тігуде матаның сапасына, тігетін іс машинасының дұрыс жұмыс істеуіне көңіл бөледі. Егер бір тапсырыс уақытымен тігілсе, әрі кеткенде екі аптада, шұғыл тапсырыстар бес күнде орындалады. Қыз жасауына қоса, бесіктің жасау жабдықтарын, шапан секілді ерекше дүниелер жасайды.

Осы іспен айналысып жүргеніне алты жыл болған Диана қазіргі қыздардың талғамы өте жоғары екенін айтады. Халықтың құрақ көрпеге деген сұранысы жоғары, соған қатты қуанатынын, ұмытылған құрақ құрау  өнерінің жастардың арасында  трендке айналып, қайта жанданып жатқанын тілге тиек етті.

Қазіргі таңда қыз жасауына тек Орал қаласынан емес, еліміздің көптеген қалаларынан тапсырыстар түседі. Алдағы уақытта әрбір қаладан өз өнімдерін сататын  дүкендер желісін ашу – Диана мен апасы Айжан Нұрбекқызының басты мақсаты.

Салт-дәстүріміз – байлығымыз.

Ендеше, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып, көпшілікке үлгі бола білген Дианаға алдағы уақытта тек қана табыс тілеймін. Елімізді көркейтетін, қазақтығымызды сақтап қалатын рухты жастарымыз көп  болғай!

Мөлдір Ниетқали,

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-дің 2-курс студенті