9.07.2022, 15:18
Оқылды: 73

Құрбан айт – құтты мереке!

Елімізде Құрбан айт мерекесінің маңызы зор. Осыған орай бүгін Жаңақала ауданында аталмыш мейрам жоғары деңгейде тойланып, аудандық спорт клубының жанындағы стадионда түрлі спорттық шаралар өтті.

IMG_7369

Жиынның ашылу салтанатында аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов жиналған қауымды қасиетті мерекемен құттықтады.

IMG_7360

Одан әрі садақ ату, кермеге тартылу, табан тіреу сынды жарыстарға қатысуға келген спортшылар өздерінің шеберліктерін танытты. Сонымен қатар балалар да спорттық ойында бақ сынап, сыйлықтар ұтып алды. Қызу да тартысты өткен сайыста ептіліктерін танытқан төмендегі қатысушылардың мерейлері үстем болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Дәлірек айтсақ, табан тартыс жарысында ІІІ орынға Қолғанат Серіков, ІІ орынға Алтынбек Бижанов ие болса, Ескендір Әбекенов жүлделі І орынды жеңіп алды. Ал кермеге тартылуда Нұрбек Жүнісов қарсыластарын басып озып, І орынға лайықты деп танылды. Сондай-ақ садақ ату сайысында І орынды Азамат Марат, ІІ орынды Асланбек Ғазизов, ІІІ орынды Болат Масалимов иеленді. Аталған жеңімпаздар жарыс соңында диплом пен сый-сыяпатқа ие болды.

Жаннұр Берікқызы, 

Жаңақала ауданы, 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале