27.01.2023, 15:15
Оқылды: 41

Күрес залы жылынбайды

Аудан әкімі Азамат Сафималиев аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің және Жәнібек спорт клубының спортшы және қызметкерлерімен кездесті.

11

Басқосуда аудан басшысы ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды. Жиында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев спорт мектебіне күрделі жөндеудің керектігін, қысқы спорт ойындарына арналған киімдермен қамтамасыз ету, спорттық құрал-жабдықтардың тозғанын, сонымен қатар спорт мамандарының жетіспеушілігін тілге тиек етті. Сонымен қатар аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаруашылық меңгерушісі Жаңылдық Байтілеуова күрес залының жылымайтынын айтса, аталған спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов «ауыл ішінде қатынайтын қоғамдық көлік Жәнібек спорт клубының алдына қарай барса» деген өтінішін айтты.

9

Сондай-ақ ол аудан спортшылары облыста өтетін жарыстарға барар кезде көлік жағынан қиналатынын, Жәнібек-Орал бағытына қатынайтын маршрутқа отыру үшін билеттердің жетіспейтінін, ауданға қарасты ауылдық округтерде мамандардың жоқтығын, аталмыш мекемеге «Д» категориясы бар көлік жүргізушісі керектігін, облыс орталығынан келетін мамандардың тұрақты тұрғын үймен қамтылу керектігін де атап өтті. Жәнібек спорт клубының техникалық қызметкері Дариға Сүйенғалиева ауыл шетінде орналасқан тоғыз үйге қатқыл табанды жол салып, көшелерді жарықтандыруды сұрады. Сондай-ақ үстел теннисінің жатықтырушысы Айдос Нұрбаев спорт мектебіндегі үстел теннисіне арналған үстелдердің тоғызы жеткенін ескертті. Жәнібек спорт клубының директоры Сырым Байсов ғимараттың алдына автотұрақ, мекемеге интернет желісін өткізу, «Жайлау» ат спорты кешеніне аттарды серуендету үшін төбесі жабық алаңның қажет екенін жеткізді.

10

Жиын соңында аудан әкімі Азамат Сафималиұлы айтылған ұсыныс-пікірлерге қатысты жауап қайтарды.

 Лаура Халина,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале