24.01.2022, 9:00
Оқылды: 74

Құрмет көрсетті

Бәйтерек арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан тыл ардагері Надежда Рышкова 95 жасқа толды. Бар өмірін еңбекке арнаған жанды аталмыш мекеме ұжымы мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.

IMG-20220122-WA0022

Мекеменің музыкалық жетекшісі Николай Новеньков ашып жүргізген салтанатты кеште көпшілік Надежда Рышковаға деген ақ тілектерін арнап, оның суреті салынған күнтізбе және алғысхат табыстады.

-Құрметті, Надежда Алексеевна, сізді келіп жеткен тоқсан бес жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Өміріңіз бақыт пен қуанышқа толы болсын. Өз өзіңізді күтіңіз, бастысы деніңіз сау болсын.Сіздің орныңыз біз үшін ерекше,-деді кейуананы ұжым атынан құттықтаған Николай Новеньков.

IMG-20220122-WA0026

Артынша халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Аслан Ғизатов домбырамен түрлі халық әндерінен попури орындады. Өнерпаздардың өнерін Надежда Рышкова жоғары бағалап, әуендерді тыңдағанда өміріндегі елеулі оқиғалардың көз алдына оралғанын жасырмады.

IMG-20220122-WA0028

Кейіпі кейуана болғанмен, көңілі бала Надежда Рышкова әзілі жарасып, тілектес болған жақындарына шын риза болып, алғысын білдірді.

IMG-20220122-WA0020

-Туған күнімді бірінші рет осылай атап өтіп отырмын. Барлығыңа рахмет. Жақын достарымның құттықтаулары ерекше болды. Сонымен қатар, мекеме ұжымына деген ризашылығым шексіз. Ыстық махаббатырыңыздың арқасында бір жасап қалдым, -деді мерейтой иесі.

Назерке Сыйлыбай,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале