18.03.2021, 18:02
Оқылды: 88

Құт толған қоржын

Сырымдық балақайлар наурыз айында керемет сыйлыққа ие болды. Аудан әкімінің «Наурыз-қоржыны» биыл төртінші мәрте үлестірілді. Айта кетейік, осы жолы 100 балаға «Наурыз-қоржын» табысталса, өткен жылдың жаңа жылында да облыс, аудан әкімдігінің озат оқушыларға арнайы сыйлықтары табыс етілген болатын.

AEDFD19C-14C7-45F3-A2AD-D97ECB7CF991

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиевтың атынан аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жыл сайынғы дәстүр бойынша аудандық білім беру бөлімі, шығармашылық орталық қызметкерлерімен аудан орталығы Жымпитыдағы қолдауды қажет ететін отбасы балаларын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тәттілер салынған, аудан логотипы бейнеленген сөмке және спорттық киім сыйлады. 

4BBB04C2-23E5-465F-B2DB-2C9147144591

Жымпитыдағы 7 баладан бөлек, кішкентай Айша Асылбекқызының да үйіне арнайы барған қонақтарға Айшаның анасы Сымбат Жұмабаева шексіз алғысын жаудырды.

9E319DF1-7F35-4DB8-ABA9-4744BE77B413

Балалардың да, ата-аналардың да қуанышында шек жоқ.

 Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале