31.01.2022, 17:30
Оқылды: 56

Қызмет алушыларға арналған экскурсия

Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының дене тәрбиесі мұғалімі Ернар Кабалиев орталықта қызмет алып жатқандарға экскурсия ұйымдастырды.

15

Мұғалім қызмет алушыларды Орал қаласындағы Қадыр Мырза Әлі атындағы орталық жанындағы мұз айдынына алып барды. Қалаға келіп тамаша демалып, коньки теуіп, таза ауада көңілдерін серпілткен қызмет алушылар күн санап көркейіп келе жатқан қаламызды аралап, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

17

-Экскурсия соңында қызмет алушылар дәмханадағы тәттілерден ауыз тиіп, такси тұрағына дейін жаяу жүріп бойларын сергітті. Көрген қызықтарымен бөлісіп, саяхаттан алған әсерлерін ортаға салды. Бұндай қызықты шаралар әлі де өтетін болады,- дейді дене тәрбиесі мұғалімі Ернар Кабалиев.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале