27.12.2023, 11:45
Оқылды: 35

Қызметкерлер марапатталды

Шыңғырлау ауданы әкімінің қатысуымен өткен актив отырысында аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев Алмаз ауылында өткен халықтық сайлау нәтижесі және аудандық сайлау комиссиясының шешімімен сайланған Алмаз ауылдық округі әкімі Самат Бахтыгереевті активке таныстырды.

414352547_1783995235345570_1684955428585034895_n

Бұдан соң, жуырда өткен Энергетиктер күні мерекесіне орай аудандық электр желілері мекемесінің қызметкері Жампоз Саматовты Энергетика министрінің «Еңбек сіңірген энергетик» төсбелгісімен марапаттады. Аталмыш кәсіби мерекеге орай аудандық «Электр желілері» мекемесінің басшысы Нұрболат Серғалиев облыс әкімі Н.Төреғалиевтің алғысхатымен мараптталды.

414388317_1783995455345548_5965663407292729564_n

Сондай-ақ, аудандық Мұрағат ұжымының басшысы Надежда Хрипченко БҚО мемлекеттік архивінің 100 жылдығына орай мерекелік медалімен, ұжым қызметкерлері алғысхаттармен марапатталды.

Одан әрі жалғасын тапқан жиынның күн тәртібінде аудандағы жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытының ахуалы, аудан бойынша мәдениет орындарының, сондай-ақ аудан мектептерінде жаңа-жылдық шараларының ұйымдастырылуы туралы, шағын және орта бизнес саласының негізгі көрсеткіштері мен қаржы түсімі, игерілуі мәселелері қаралды.

414420385_1783995418678885_1524550748600391500_n

Аудан басшысы алдағы жылда да аудан дамуы үшін аса маңызды міндеттердің бар екенін айта келіп, берілген жүктеме, бекітілген жоспар бар, мемлекетіміздің саясаты бар, сол міндетті, сенімді адал атқару керектігін ескерте өтті. Жиынға қатысушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады.

Қаршыға Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале