10.10.2023, 15:00
Оқылды: 20

«Лапароскопия құрылғысы болса, жұмысымыз жеңілдер еді»

 

Сырым аудандық ауруханасында 1976 жылы туған науқас адамға жоспарлы түрде оң жақ қабырға асты аймағына шағын кесу арқылы (минидоступ) холецистэктомия (өт тасын алып тастау) отасы жасалды.

cb97a9d9-9350-434f-a8e4-5b55193c8290

Отаны жоспарлау барысында науқасты Сырым аудандық ауруханасының тәжірибелі хирургі Асхат Дүйсенғалиевпен бірлесе тексеріп, кеңесіп, жоспарлы ота тағайындалды. Отаны аурухана директоры, хирург Сабыр Меңдешев тәжірибе алмасу мақсатымен Қаратөбе ауданының хирургі Нұрбол Құрманбаевпен бірге жасаған болатын.

Сонымен қатар анестезиолог-реаниматолог Нұрболат Нұрғали мен анестезист Алтынай Сармурзина наркоз берсе, опер-медбикелер Айгерім Бисенғалиева, Аида Сәлменова отаға қатысты.

e3db91e8-9093-48f4-a6eb-cdcf7c5627f2

Бүгінгі таңда ота жасалған науқас толық емдік курсын алып, жеті күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

– Аталған жоспарлы ота ойдағыдай өтті. Әйтсе де науқастың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету үшін ауруханамызда лапароскопия құрылғысы болса, жұмысымыз да жеңілдеп, өзіміз де жергілікті мамандармен ота жасар едік. Лапароскопия жолымен ота жасауды мақсат етіп отырық, – дейді хирург-дәрігер Сабыр Меңдешев.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале