26.09.2019, 13:00
Оқылды: 85

Лицей оқушылары жорыққа шықты

Сырым аудандық білім беру бөлімінің мектеп-лицейінің оқушылары туған өлкені тану мақсатында «Туған өлкем қандай көркем!» атты өлке танымдық экспидицияға шығып, Қазақстан елді мекеніндегі «Ақтау» жотасына саяхаттап қайтты.

untitled

Саяхат барысында бұл елді мекеннің табиғатымен және неше түрлі тіршілік иелерімен таныстық.. Өзіндік аңызы мен тарихына бай бұл жотадан Аңқаты өзені басталады. Біз өзіміздің туған жеріміздің әсем табиғатының көрінісін көруге асықтық. Жотаның биік нүктесіне шығып, аспанмен астасқан көкжиекті көзбен шолып, кең байтақ даланы биіктен көру аса бір ғанибет.

Жалпы жорық барлығымызға ұнағаны сөзсіз. Елдің аузында жүрген жыландар ордасын да өз көзімізбен көрдік. Ақтау жотасы биік көрінбегенімен, шыңына шығу оңай емес. Бұл жотаның қызықты аңыздары бар. Жотада бір тастан қашалған есік бар деседі. Ол есікті жетекшіміз көрді. Алайда оны осы уақытқа шейін ешкім аша алмаған. Түрлі аңызға арқау Ақтау жотасы сияқты ауданда көптеген тарихи орындар мен табиғаты сұлу жерлер көп. Алдағы уақытта тағы да осындай танымдық экспидициялар жоспарланады деген ойдамын.

Ақниет Бітімғали

Сырым аудандықбілім беру

 бөлімінің мектеп-лицейінің

9-сынып оқушысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале