19.05.2023, 18:04
Оқылды: 22

Мәдениет қызметкерлерінің байқауы өтті

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне, Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына және Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына орай аудандық "Ұлы арман" байқауы өтті.

IMG-20230519-WA0218

Мәдениет және өнер қызметкерлері арасында өткен байқау екі кезеңнен тұрды.

IMG-20230519-WA0227
"Мен, мен едім, мен едім" (көркемсөз жанры) атты кезеңде үміткерлер
Махамбет Өтемісұлының бір өлеңін жатқа оқыса, "Күй құдіреті" (халықтық музыка жанры) кезеңінде
Махамбет Өтемісұлы мен Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін орындады.
Байқау қорытындысында көркемсөз жанрында жүлделі І орынды Хан ордасы ауылдық мәдениет үйінен қатысушы Ерасыл Сәрсенбекұлы қанжығасына байласа, ІІ және ІІІ орынды аудандық мәдени-демалыс орталығынан Алтынбек Айғалиев пен Ұялы ауылдық мәдениет үйінен қатысушы Нұрлан Сәрсенғалиев өзара бөлісті.

IMG-20230519-WA0228
Ал халықтық музыка жанры бойынша аудандық балалар саз мектебінен қатысушы Қуаныш Құбайтов үздік танылса, аудандық мәдени-демалыс орталығының атынан шыққан Еламан Елтаев II орынға ие болды. Ал жүлделі III орынға Саралжын ауылдық мәдениет үйінің атынан шыққан қатысушы Нұрлыбек Қазиев табан тіреді.

IMG-20230519-WA0213
Жүлделі орындармен қатар барша қатысушы өнерпаздар алғысхатпен марапатталды.

Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале