24.05.2021, 16:33
Оқылды: 35

Мәдениет майталмандары марапатталды

Бүгін аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай Жәнібек ауданындағы мәдениет майталмандарына арналған шара өтті. Жиынға аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, оларды кәсіби мерекемен құттықтады. Өз кезегінде бірқатар үздік қызметкерлерге облыс әкімі, облыстық мәдениет басқармасы, Ж.Молдағалиев пен Х.Есенжанов атындағы облыстық кітапхана басшылығы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, аудан әкімі атынан алғысхаттар табысталды.

2504E3B2-48F7-47F5-9C39-707E527E1C39

Сондай-ақ аудандық демалыс орталығының балалар және жасөспірімдермен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлжан Ниязалиеваға Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан «Еңбек даңқы», аудандық халық театрының суретшісі әрі актер Амангелді Насипов пен аталған театрдың музыкалық жетекшісі әрі әнші Алтынбек Каримовқа Қазақстан таланттары өнер білімді дамыту шығармашылық орталығының атынан «Мәдениет майталманы» төсбелгілері тағылды. Қамысты ауылдық мәдениет үйінің директоры Салтанат Кенжалиева, Тау ауылдық мәдениет үйінің директоры Әлібек Мұхтарұлы, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Райымбек Каримов Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподақ ұйымының атынан Құрмет грамотасына ие болды. Салтанатты шара мерекелік әншашумен жалғасын тапты.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале