20.12.2023, 0:15
Оқылды: 42

Мәдениет үйінің мерейтойы атап өтілді

Теректі ауданы, Покатилов ауылындағы мәдениет үйі «Мерейтой достарды жинайды» кешін өткізді.

1 (1)

Халыққа қызмет еткеніне 55 жыл болған Мәдениет үйі бүгінде аудандағы белсенді мәдениет ошақтары қатарында.

Кештің аты айтып тұрғандай, дос көңілді, ауыл өнерпаздарының әр бағдарламасына көтеріңкі күймен жиналатын покатиловтықтар залға толды.

Ауылдық округ әкімі Әділбек Дүйсенов құттықтау сөз сөйлеп, тартуын табыс етті.

Сахна төрінен 55 жыл ішінде мәдениет үйінде қызмет еткен жандардың аты аталып, құрмет көрсетілді. 1968 жылы өз есігін айқара ашқан Мәдениет үйіне П. Селиванов, В.Лисковский, В.Бугорский, М. Алексеенко, С.Максименко, В. Галкин, Е.Бекетов, Н.Новик сынды өнерге жақын азаматтар басшылық жасапты. Солардың ізбасары – Мәдениет үйінің директоры Н.Сунцов ауылдағы өнерпаздардың басын біріктіріп отыр.

Мерейтойлық кешке мықты дайындалған өнерлі ұжым ауылдастарына әсерлі кеш сыйлады. 10 жылдан аса сахнада жүрген «Горицветы» вокалдық ансамблі, К. Айтқалиев, Г.Ақажанова сынды аға буынмен қатар жастар да өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында Мәдениет үйінің директоры Н.Сунцов көркемөнерпаздардың әрқайсына қоғамдық белсенділігі үшін ризашылығын білдіріп, алғысхаттар табыс етті.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале