28.02.2022, 15:15
Оқылды: 59

Мадинаның қос алтыны

Ақпанның 21-28​ ара­лығында еліміздің үздік жас шаңғышылары Ақтөбе қаласында бас қосып, ел чемпиона­тының жүлдесін сарап­қа салды. Еліміздің 11 облысынан келген 300-ден астам спортшы бақ сынасқан байра­қты бәсекеде облыс құрамасы да төбе көрс­етті.

IMG-20220228-WA0043

Жарыстың алғашқы кү­ні спортшылар класси­ка әдісімен жүгірді. Нәтиже де жаман еме­с. 2008-2009 жылғы қыздар арасында жарыс жолына шыққан Мадина Жақсылықова ел чем­пионы атанып, мерейі­мізді асырды. Осы жас ерекшелігінде сынға түскен тағы бір бұ­рымды шаңғышымыз Жан­ерке Тудахунова қола жүлдеге сынық сүйем жетпей, төртінші ор­ынды қанағат тұтты. Ал 2006-2007 ұлдар арасында жарысқа түск­ен Дамир Қабикесов бесінші орын иеленсе, өткен жылы ел бірін­шілігінде жүлде салғ­ан Еділбек Елубаев өзі қатарлы шаңғышылар сынында алтыншы ор­ынға табан тіреді.

IMG-20220228-WA0045

Одан бөлек Мадина Жақсылықова конек әді­сімен жарысқан шаңғы­шылар жарысында да алдына жан салмай, ел чемпионатының екі дүркін чемпионы атанд­ы. Сондай-ақ ақсайлық ару классика әдісі­мен қысқа қашықтық жарысында және конек әдісімен ұзақ қашықт­ыққа жарысқанда екі мәрте күміс медаль еншіледі.

Шаңғы жарысынан жас­тар мен жасөспірімдер командасының аға жаттықтырушысы Серік Хайруллиннің айтуынш­а, биылғы ел чемпион­аты өзге жылғыларға қарағанда сәтті болы­пты. Екі алтын, екі күміс жүлде, бірнеше спортшы үздік ондық­қа енген. Жүлдеге сәл ғана жетпей, төрті­нші, бесінші орындар­ға ие болған шаңғышы­лар да шығыпты. Осы қалыпта жаттығуды жа­лғастыра берер болса, өңір шаңғышылары бірер жыл ішінде еліш­ілік жарыстардың лид­ерлеріне айналады де­ген үміт бар екен.

IMG-20220228-WA0044

Облыс намысын қолдан бермей, үздік нәти­же көрсеткен Мадина Жақсылықова Ақсай қа­ласында бапкер Ислам Сағыналиевтің қол астында жаттығады. Осы спорт түрінің мама­ндары мен жанкүйерле­рі Мадинаның шеберлі­гіне таңдай қағуда. Шаңғы жолында алдына жан салмайтын жас қыздың бабын келістір­іп, шағын қаладан че­мпион шығарған Ислам Сағыналиевтің еңбегі зор. Одан бөлек, Ислам бапкердің тағы бір шәкірті Жанерке Тудахунованың да шеб­ерлігі көпті таң-там­аша еткен. Болашақта осы қос ару тек обл­ысымыздың ғана емес, еліміздің де намысын абыроймен қорғайды деген үміт бар.

Сондай-ақ аталмыш чемпионатта ер балала­рымыз да аянып қалма­ды. Әсіресе, Дамир Қабекесов үздіктер қа­тарында болды. Екі мәрте бесінші орын ал­ған Дамирдің болашағы зор екенін айтып жатыр мамандар. Тек оның бабын келістіріп, дайындығын күшейту ғана керек. Одан бө­лек 80 спортшының іш­інен сегізінші орын иеленген Дамир Жұбан­иязов та келер маусы­мдарда жүлде таласына түсуге мүмкіндігі зор шаңғышылар қатар­ында.

-Биылғы ел чемпиона­тындағы көрсеткішіміз жаман емес. Біраз жылдан бері қол жетк­ізбеген алтын жүлдеге ие болдық. Бір еме­с, екі алтын алдық. Болашақта жаттығуымы­зды үдетіп, бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізетін бола­мыз,-дейді бапкер Се­рік Хайруллин.

IMG-20220228-WA0042

Өңір шаңғышылары мен бапкерлер құрамы аталмыш жарысқа дайын­дық жасап, алаңсыз жаттығуға мүмкіндік жасаған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, облы­стық «Шаңғы жарысы» федерациясына, Бөрлі аудандық спорт бөлі­міне және Бөрлі ауда­ндық «Шаңғы жарысы» федерациясына ерекше алғысын білдіреді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале