22.05.2023, 11:00
Оқылды: 32

Магистральныйдың жолы жөнделіп жатыр

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Магистральный ауылында халық саны — 580. Барлығы 163 аула бар.  Бүгінгі таңда ауыл күннен-күнге дамуда.  Дәл қазіргі уақытта ауыз су құрылысы жүріп жатыр. Оған кіреберіс жолдың құрылысы да қосылды.  Бұл хақында  Ақсуат ауылдық округінің әкімі Жаннұр Ахметов бүй дейді:

FB_IMG_1684731590048

— Өткен жылы «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы болған Асхат Оралов  Магистральный ауылында болып, тұрғындарымен кездескенде соңғы жылдары жиі айтылып жүрген жол мәселесі сөз болған еді. Ауылға кіреберіс жол қып-қысқа, небәрі 1,8 шақырым болғанымен, ауыл тұрғындарының қатынасына қиындық туғызған болатын. Партияның сайлауалды бағдарламасында тұрған осы мәселені 2021 жылы өткен ауыл әкімінің сайлауы кезінде мен де өз бағдарламама қосып, оны партия қолдап, жолды жөндеу жоспарланған еді. 2022 жылы қаражат бөлініп, жол құрылысы мамыражай жазда басталады дегенде, халықтың қуанышында шек болмады. Алайда құрылысқа қажетті материалдардың тапшылығына тап болып, жұмыс кешеуілдеп тұрып қалды. Бұл әлеуметтік желіде, халық арасында сынға ұшырап, қызу талқыға түсті. Енді сол күннің бәрі артта қалып, жұмыс жанданды. Жөндеу жүріп жатқан жерге арнайы барып, көріп, халықпен тілдесіп келдім. Мердігер «Ануш құрылыс»  ЖШС  екенін айта кетке жөн.  Алла қаласа, енді жиырма шақты күнде жаңа жолда жүйткіп жүреміз,  — деген Жаннұр Бекбауұлы қуанышын жасыра алмады.

FB_IMG_1684731587383

Самал Жамет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

FB_IMG_1684731581727

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале