4.02.2021, 17:26
Оқылды: 87

Мақсат – жастарды ауылға тарту

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев тұрғындар алдында есеп беруде. Есептік кездесуде аудан әкімі қоғамның қозғаушы күші - жастар мәселесін де назардан тыс қалдырмады.

387E531C-2C6E-49DB-A4B7-DE265D667097

-Жәнібек ауданында жас мамандар мен отбасылар әлеуметтік қолдау шараларына ие болып, оларға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер берілуде. Мәселен, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы республикалық бюджеттен 71 млн. 577 мың теңге, жергілікті бюджеттен 9 млн. 187 мың теңге қаражат бөлінді. Республикалық бюджеттен бөлінген 71 млн. 577 мың теңге қаражат 17 маманға тұрғын үй сатып алу үшін, 1 маманға тұрғын үй салу үшін жұмсалса, жергілікті бюджеттен бөлінген 9 млн. 187 мың теңге 33 маманға біржолғы 277 мың 800 теңге көтерме жәрдемақы алу үшін шығындалды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары білікті мамандарын ауылға тарту болып табылады, - деді аудан әкімі.

 Г. Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале