11.04.2022, 11:30
Оқылды: 104

Мал бағымын талқылады

Рухани орталықтың мәжіліс залында Жаңақала ауылдық округі бойынша мал бағымын ұйымдастыру жөнінде қоғамдық жиналыс өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – мал бағымын ұйымдастыру. Жиынға Жаңақала аудандық жер қатынастар бөлімі басшысы Есен Бекболатов, аудандық мәслихат депутаттары, учаскелік полиция қызметкері, ветинариялық станция өкілі, ауыл тұрғындары, еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары қатысты.

14

- Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта ауылдық округімізде мал бағымы ұйымдастырылып жатқан жоқ. Себебі, бақташы табу қиындық туғызып отыр. Елді мекеннің териториясы 2023 гектар аумақты құраса, ауылдық округтің териториясы 14 000 гектарды құрайды. Ауыл тұрғындарының малдары 6 бағытқа жайылады. Алайда, ол малдарға бағым ұйымдастырылмаған. Осы мәселе бойынша ауыл тұрғындарының пікірін білу мақсатында жиналып отырмыз, - деді Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов.

15

- Жерлесіме биыл малы ет комбинатының жанында жайылып жүргені үшін айыппұл салған. Полиция қызметкерлері, қай жерде айыппұл салу қажет, қай жерде салмау керектігін яғни териториясын қалай анықтап отырсыздар. Малымыз шөлдеген уақытта өрістен ауылға келеді. Малға қай жерден өтуге болмайды?! Осы заңды кім, қашан шығарды, түсіндіру жұмыстары не себептен жүргізілмеді?.. Ауыл әкімі халықты жинап, жайылым ұйымдастырып берсе құба-құп болар еді, - деді ауыл тұрғыны Қуандық Қаббасов.

16

- Жаңақала ауылдық округіне қарасты елдімекен ауылдарды алып тастағанда 10 133 гектар жайылымдық алқап бар. Біздің анализ бойынша 73 929 гектар жер жайылымға қажет етеді.  Жайылымдар туралы заң бар. 2017 жылы шыққан заңның 15 бабында ауылдық округ тұрғындарының сауын малы бағылуы қажет. Бағымды ұйымдастыру ауылдық округ әкімінің құзіретіне кіреді, - деді аудандық жер қатынастар бөлімі басшысы Е.Бекболатов.

18

Исатай Сәрсенов әкімнен мал бағымын 2 айға ұйымдастырып берсеңіз деген бұйымтайын айтса, Қуат Имашев малдан гөрі ит ауыл тұрғындарының өміріне қауіпті екендігін айтты. Ауылдық округ әкімі өз сөзінде бақташыны 15-сәуірге дейін іздестіріп, табуға тырысатынын жеткізді.

Р.Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале