24.11.2020, 18:44
Оқылды: 86

Мал ұрлап, ұсталды

Жуырда Жәнібек аудандық полиция бөлімі «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген болатын.

3EE198EF-8DF1-403E-A1E1-CC1CE3914449

Аудандық полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Амандық Жақсығалиевтің бізге берген мәліметіне сүйенсек, бір тұлға мал ұрлығы үшін ұсталса, төрт автокөлік ет өнімін Орал қаласына тасымалдап бара жатқан жерінен тоқтатылып, заңды құжаттары тексерілді. Сонымен қатар екі ет өнімін сату орны мен 17 мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға тексеру жұмыстары жүргізілді. Қараусыз жүрген 4 бас ірі қара малының иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір қылмыстық іс ашылды. Дәлірек айтсақ, ағымдағы жылдың 10 мамырында Ш. есімді Жәнібек ауылының тұрғыны 1 бас мал ұрлағаны үшін ұсталып, қылмыстық іске тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Полиция бөлімі қызметкерінің айтуынша, қазіргі таңда аудан көлемінде ашылмаған мал ұрлығы қылмыстарын ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған бағыт бойынша қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале