26.11.2021, 17:00
Оқылды: 56

Марат Елеусіновтің жүлдесіне арналған бокс турнирі басталды

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Казталов ауданы орталығындағы спорт мектебінде Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқарамасы мен Казталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен КСРО-ның спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, Казталов ауданының «Құрметті азаматы» Марат Елеусіновтің жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі облыстық ашық турнир байрағын көтерді.

WhatsApp Image 2021-11-26 at 16.18.46 (2)

WhatsApp Image 2021-11-26 at 16.18.46

Жарыстың ашылу салтанатында еліміздің Әнұраны шырқалып, көк туы желбіреді. Даниярдай болашақ чемпиондар бас қосқан бәсекелі жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев барлық жарысқа қатысушы жас боксшыларды турнирдің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыстың қонағы және бас төрешісі Ербол Мырзахметов та өз лебізін білдірді.

WhatsApp Image 2021-11-26 at 16.18.46 (3)

Жерлесіміз атындағы дәстүрлі бокс турниріне Орал қаласы, Ақжайық, Сырым, Бәйтерек, Теректі және Казталов ауданынан 170-ке тарта жас жеткіншек бағын сынауда. Бәсекелі жарыс халықаралық АИБА ережесіне сәйкес өткізіледі. Жасөспірім боксшылар 15 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өз шеберліктерін ринг төрінде көрсетеді.

WhatsApp Image 2021-11-26 at 16.18.45

WhatsApp Image 2021-11-26 at 16.18.47

Дәурен мен Даниярдай талантты ұлдарын тәрбиелеп, боксқа баулыған Марат Тәліпұлы атындағы турниге қатысып жатқан барлық жас боксшылардың бағы да, бабы да қатар шапсын демекпіз!

WhatsApp Image 2021-11-26 at 16.18.46 (1)

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале